Абай облысы білім басқармасының «Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кадр маманына және дене шынықтыру пәнінің оқытушысына конкурс  жариялайды.

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: Абай облысы білім басқармасының «Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: индекс 070100 Абай облысы, Қарауыл ауылы, Бекбосынов 40, Байланыс номері: 8-722-2-52-9-18-23

Электрондық пошталық мекен-жай: abay.kolledj@mail.ru;

Конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі «Абай колледжі» КММ сайттарына конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 жұмыс күнде жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 16 тамыздан бастап 23 тамызды қоса алғанда.

Құжаттарды қарау мерзімі 2023 жылғы 16 тамыздан бастап 2023 жылғы 23 мамырды қоса алғанда.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттылығы жоқ туралы анықтама (ЦОН)

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).