Абай облысы білім басқармасының «Абай колледжі» КММ төмендегі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Лауазымы:
Алғашқы әскери дайындықты оқытушы – ұйымдастырушы – 1 штаттық бірлік.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

- тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімінің болуы;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес педагог лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
- әскери-патриоттық тәрбие және алғашқы әскери дайындық бойынша тиісті білімі мен кәсіби құзыреттілігінің болуы;
- педагогикалық қызметке қажетті кәсіби дағдыларды меңгеруі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке куәліктің көшірмесі;
3. Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4. Еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
5. Өмірбаян;
6. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
7. Медициналық анықтама;
8. Құжаттардың талаптарға сәйкестігін растайтын өзге де құжаттар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Бекбосын көшесі 40.

Байланыс телефоны: 8-72252-9-18-23.
Эл. Почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар белгіленген мерзімде қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.