Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары арасында «Абай колледжі»КММ-нің ұйымдастыруымен «Абай мұрасы аясында: кітапхана,колледж және туризм сабақтастығы» атты туризм және экскурсия бағытындағы облыстық семинар өтті.

Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттау арқылы кітапхана, колледж және туризм салаларының өзара байланысын нығайту, білім алушылардың рухани-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыру және Абай шығармашылығын қазіргі заман талаптарымен ұштастыру.

Міндеттері: Абай мұрасын кітапханалық қызмет арқылы кеңінен таныту және оқырман мәдениетін дамыту;

Колледж білім алушыларына Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін түсіндіру;

Туризм саласында Абайға қатысты тарихи-мәдени орындарды насихаттау;

Кітапхана, колледж және туризм ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту;

Заманауи технологияларды пайдалана отырып, Абай мұрасын дәріптеудің тиімді жолдарын қарастыру;

Үздік тәжірибелермен алмасу және кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Абай ауданының Әкімі М.Смағұловтың нұсқаулығымен «Абайдың жүрген ізімен» атты жолнұсқаулық кітабын құрастыруға бәйге ұйымдастырылды.Осы бәйгеде бас жүлдені Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Сандуғаш Мұратова жеңіп алды. Туризм бағытындағы саяхат семинар болғандықтан «Абай жүрген ізімен» атты жолнұсқаулық кітабын басшылыққа алдық.

Семинардың дұрыс өтуіне «Абай колледжі» КММ директорының міндетін атқарушы Қырқымбаев Ержан Жұмағалиұлы бар жағдай жасады.
«Облыстық инновациялық –әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Нұрашева Эльмира Нұрашқызының қолдауымен семинар өз мәнінде өтті.
Семинар барысында қонақтарды Күшікбай кезеңінен бастап қарсы алып,салт –дәстүр бойынша шашу шашып,дастархан жайып ,қарсы алынды.

Жолнұсқаулық бойынша сол жердің тарихымен С.Мұратова таныстырып өтті.Саяхат семинар Бөрілі аумағындағы тарихи орындармен таныстыру барысымен жалғасты.Оны 2025 Жылы «Абай колледжі» КММ –нің ұйымдастыруымен
аудан мектептері арасында өткен “Jas SkiIIs Abai-2025” жоба аясында «Тарихи орындарға саяхат» атты жарыста бас жүлдені иеленген «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ-сінің оқушысы Қуантқанова Сезімнің өзінің жобалық бағдарлама-сымен таныстырды.

М.Әуезовтың Бөрілі музей- үйінің бөлім меңгерушісі Исабаев Шағжан Бекенұлының таныстыруымен М.Әуезовтың музей -үйіне саяхат жасалды.
Саяхат барысында «Туризм» тобының түлегі Арайлым Мұратова Абайдың кіндік қаны тамған туған жері Сырт Қасқабұлақ жайлы тоқталып өтті.
Колледждің туризм мамандығының оқыту шебері Ногатаев Ержан Тоқтамысұлы «Ақшоқы» тарихи орындарымен таныстырды.

Семинар барысында «Еңлік –Кебек» мазары басында ,мәдениет қайраткері,ұстаз Нағия Бұланбаеваның ұйымдастыруымен Қарауыл гимназиясының оқушыларымен, «Туризм»тобының студенттерінің қатысуымен «Еңлік Кебек» қойылымы қойылды.

Жидебайдағы Абай музейінің жоғары дәрежелі маманы Күзембай Лаураның нұсқаулығымен қонақтарға Абайдың музей-үйі таныстырылды.

Амфитеатрда колледж кітапханашысы Н.М.Жексенаева жылжымалы кітапхана жұмысын, «Ұлылар үндестігі», «Ұлылар елінің ақын-жазушылары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Семинар Амфитеатрда қорытындыланды.Колледж кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі Бижуменова Ғайни Қабдрашқызы семинардың өту барысына жоғары баға беріп, семинарға белсене қатысқан колледж ұжымын «Абай облысы білім басқармасы» ММ,

«Облыстық инновациялық әдістемелік орталық» КММ-нің Алғыс хатымен және сертификаттарымен марапаттады.
Саяхат түріндегі облыстық практикалық семинарда кітапханашылар Ұлы Абай жүрген ізімен жүріп,рухани мол азық алды.
Кітапхананың тек ақпарат орталығы ғана емес,сонымен қатар мәдени-танымдық кеңістік екенін де дәлелдедік.

«Абай колледжі» КММ кітапханашысы Жексенаева Нұргүл Марденқызы.

 

 

Облыстық семинарға келген кітапханашыларды қарсы алу сәті.

  

Күшікбай кезеңіндегі тарихи орындармен танытыру.

2025жылы «Абай колледжі» КММ ұйымдастырған «Jas Skills Abai-2025» байқауының жеңімпазы Қуантқанова Сезімнің«Бөрілі жеріндегі тарихи орындыр.» атты авторлық бағдарламасымен таныстыру сәті.

Бөрілі жеріндегі Мұхтар Әуезовтың музей –үйі.

  

  

 Авторлық бағдарламамен таныстыру.

 

Сырт Қасқабұлақ -Абайдың кіндік қаны тамған жері. Таныстырушы Мұратова Арайлым.

 

  

«Еңлік-Кебек» қойылымы. 

  

Еңлік-Кебек кесенесіне тағзым ету сәті.

Абай музей-үйі

 

Абай,Шәкәрім кесенесі

 

 

Семинарға белсене қатысқан колледж ұжымын марапаттау сәті.

 

Семинарға белсене қатысқан ұжым.

 

Амфитеатрда колледж кітапханашысы Н.М.Жексенаева  жылжымалы кітапхана жұмысын, «Ұлылар үндестігі», «Ұлылар елінің ақын-жазушылары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Облыстық семинарға келген қонақтарды шығарып салу сәті.