Акцияның мақсаты-тарихи жадыны сақтау және өскелең ұрпақтың бойында аға ұрпаққа деген құрмет, ынтымақтастық және жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу.
"Абай колледжі" КММ жанынан құрылған "Абай ұрпақтары" еріктілер ұйымының мүшелері- « Қазақ – дария кеуде қариясын сыйлаған ұлт». «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді біздің халық. Расында да, аға буын – тәлім мен тәрбиенің, ұлылық пен ұстамдылықтың, парасаттылық пен байсалдылықтың символы. Алдыңғы толқын ағаларға ілтипат көрсету біздің буынның міндеті, борышы. Үлкенді сыйлаған ұлтымыздың осы бір ерекшелігін жаңғыртып, студенттерімізге үлгі болсын деген ниетпен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты әлеуметтік жобасына қолдау көрсетіп, игілікті істен шет қалмауды мақсат тұттық. Дана халқымыз айтқандай, қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Десе де бүгінде қараусыз қалып, қарттар үйін мекендеген ата-әжелер қарасының артқаны ащы да болсын шындық. Шындықтан қашып құтыла алмайтынымыз тағы бар. Менің ойымша, өмірдің соңы осылай аянышты аяқталмау үшін өскелең ұрпақтың тәрбиесіне жете мән бере отырып, оларды имандылыққа, адамгершілікке баулу қажет. Тек сонда ғана өз ата-анасын сыртқа тепкен балалар азайып, ибалы, инабатты келіндер көбейер еді.
"Ардагерлерімізді ардақтайық" акциясы аясында Қарауыл ауылының тұрғыны Бурыбаева Гулфан Ыбырайымқызына көмектесіп, үй шаруашылық жұмыстарына қол ұштарын берді. Гулфан Ыбырайымқызының алғысында шек жоқ, студенттер ақ батасын алып қайтты.
https://abay-kolledj24.edugov.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/103-aktsiyany-ma-saty-tarikhi-zhadyny-sa-tau-zh-ne-skele-rpa-ty-bojynda-a-a-rpa-a-degen-rmet-yntyma-tasty-zh-ne-zhauapkershilik-sezimderin-t-rbieleu.html#sigFreeId34574dc392
Бұл игілікті істің басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын сақтау, көңіл мен көмекке мұқтаж қарияларға қол ұшын созу екендігін атап өтті. Оның пайымдауынша, студенттерді халқымыздың асыл құндылықтарын әспеттеуге дағдыландыру, оларды үлкенді сыйлай білуге, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу бүгінде үлкен маңызға ие. . Осындай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.







